Шарт талаптары

№ _______ ҚАРЫЗ ШАРТЫ

Алматы қ. “ ___ ” _______ 201___ ж.

Мен, Толық аты-жөні _________________, Туылған жылы: _____, Арнайы код (жай электронды қолтаңба): ____, Жеке куәлік № ______, берілген күні: _____ ЖСН: ______, Тіркелген мекенжайы: г.________, ул._________, ___, кв. _____, Ұялы телефон нөмірі: ______, электронды поштасының мекенжайы: ______, бұдан былай «Қарыз алушы» деп аталады, бір тараптан, осы Оферта арқылы
«Кругозор Финанс» ЖШС, БСН 150840001294, Жарғының негізінде әрекет ететін Директор Абдыкулова А.У. танытуында, бұдан былай «Қарыз беруші» деп аталады, екінші тараптан, маған «______________» АҚ банкіндегі _________ есеп айырысу/карточкалық шотқа ________ теңге мөлшерінде _____күн мерзімге қарыз беруін ұсынамын. Қарыздың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін _____ теңге мөлшеріндегі соманы, соның ішінде ________ теңге мөлшеріндегі сыйақыны төлеуге, сондай-ақ келесі талаптарда Қарыз шартын жасауға міндеттенемін.

1. Шарттың мәні
1.1. Оферта Серіктестікке берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей/кешіктіріп Серіктестік жоғарыда көрсетілген банктік шотқа қарыз сомасын аударса, Оферта акцептелген деп танылады.
1.2. Қарыз беруші офертаның және осы Шарттың талаптарында Қарыз алушыға ________ теңге мөлшерінде ақша қаражатын Қарыз алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал Қарыз алушы ________ теңге мөлшеріндегі сыйақыны төлеп, тура осы сомадағы ақшаны (бұдан былай – қарыз сомасы) Қарыз берушіге уақтылы қайтаруға міндеттенеді.
1.3. Қарыз беруші қарыз мәнін пайдаланғаны үшін күніне қарыз сомасының 1.7 % (бір бүтін оннан жеті пайыз) есебінен сыйақы төленетін қарыз сомасын Қарыз алушыға береді. Сыйақы есептеу мерзімі Қарыз берушінің есеп айырысу шотынан қарыз сомасы есептен шығарылған күннен басталады.
1.4. Осы Шарттың 1.1 тармағында аталған қарыз сомасы Қарыз берушінің есеп айырысу шотынан есептен шығарылған кезден бастап _______ күн мерзімге Қарыз алушыға беріледі.
1.5. Қарыз алушы бір уақытта қарыз сомасымен қоса осы Шарттың 1.2 тармағында белгіленген тиесілі сыйақыны Қарыз берушіге төлейді.
1.6. Қарыз алушы жеке банктік шотынан қарыз сомасы қолма-қол ақшалай есептен шығарылған жағдайда банк өзінің ішкі ережелеріне сәйкес қолма-қол ақша қаражатын есептен шығарғаны үшін комиссия өндіріп алуға құқылы болатындығынан хабардар.

2. Қарыз сомасын беру
2.1. Қарыз алушы өзінің Офертасымен қарастырылған мерзімде, мөлшерде, талаптарда қарыз сомасын береді.
2.2. Қарыз берушінің есеп айырысу шотынан есептен шығарылған кезде ақша берілген кезден бастап қарыз сомасын Қарыз беруші Қарыз алушыға берді деп саналады.
2.3. Қарыз беруші беретін қарыз сомасы мақсатсыз қарыз болып табылады. Қарыз алушы қарыз сомасын қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

3. Қарыз сомасын қайтару
3.1. Қарыз сомасы Қарыз мерзімі аяқталғанда бір реттік төлеммен қайтарылады және негізгі борыш сомасын, қарызды ұйымдастыру үшін комиссияны қамтиды.
3.2. Қарыз берілген кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кейін Қарыз берушіге берілген өтініштің негізінде толық немесе бір бөлігі мерзімінен бұрын өтеледі.
3.3. Қарыз негізгі борыш және есептелген сыйақы сомасын қамтитын бір уақыттық төлеммен мерзімінен бұрын өтеледі.
3.4. Ақша қаражаты Қарыз берушінің пайдасына үшінші тұлғалар арқылы аударылғанда Қарыз алушы төлемдерді кешіктіру тәуекелдерін өзіне қабылдайды.
3.5. Қарыз берушінің есеп айырысу шотына берешек сомасы есепке қосылған кезде Қарыз қайтарылған деп саналады.
3.6. Қарыз беруші ақша қаражатын Қарыз шарты бойынша берешекті келесі кезектілікте өтеуге бағыттайды:
3.6.1. Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін өтеумен байланысты Қарыз берушінің шығындары;
3.6.2. есептелген сыйақы сомасы;
3.6.3. тұрақсыздық айыбы сомасы;
3.6.4. негізгі борыш сомасы.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Қарыз беруші осы Шартта көрсетілген Қарыз алушының банктік шотына қолма-қол ақшалай емес тәртіпте аудару арқылы осы Шартқа қол қойылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 1.2 тармағында көрсетілген қарыз сомасын Қарыз алушыға беруге міндеттенеді.
4.2. Осы Шартта белгіленген Қарыз алушының банктік шотынан қарыз сомасы есептен шығарылған күн қарыз берілген күн болып саналады.
4.3. Осы Шарттың 1.3 тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін Қарыз алушы осы Шартпен қарастырылған тәртіпте және мерзімде қарыз сомасын және есептелген сыйақыны қайтаруға міндеттенеді.
4.4. Қарыз алушы алған қарыз сомасын келесі тәртіпте қайтарады:
а) Осы Шарттың 3.2 тармағында көрсетілген қарыз мерзімі аяқталғаннан кейін Қарыз алушы осы Шартта белгіленген Қарыз берушінің шотына қарыз сомасын және қарыз сомасы пайдаланылған нақты уақыт үшін есептелген сыйақыны аударуға міндетті;
b) Қарыз берушінің шотына ақша қаражаты есепке қосылған күн Қарыз алушының Қарыз берушіге қарыз сомасын қайтару жөніндегі міндеттемесі орындалған күн болып саналады.
4.6. Қарыз беруші Қарыз алушының осы Шартпен қарастырылған міндеттемелерін орындауы үшін қажетті, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған кез келген іс-шараларды атқаруға құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін осы Шартқа сәйкес, ал Шартта қарастырылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
5.2. Қарыз бойынша белгіленген төлем мерзімі бұзылған жағдайда Қарыз беруші 5 000 (бес мың) мөлшеріндегі белгіленген бөлігінен және әр кешіктірілген күн үшін 1,9 % (бір бүтін тоғыз пайыз) мөлшеріндегі өсімақыдан құралатын тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
Өсімақы қарыз сомасына және берешек құрылған күнгі сыйақы бойынша берешек мөлшеріне қарай есептеледі.
5.4. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тарапты Қарызды қайтару және есептелген сыйақыны төлеу міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5.5. Қарызды өтеу кезінде кешіктіру бес куннен көп уақытқа созылса, Қарыз беруші сотқа дейінгі тәртіпте берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттікке немесе бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
5.6. Қарыз алушы өзіне алған Қарызды өтеу жөніндегі міндеттемелерін бұзса, Серіктестік қалауы бойынша құқықтарды беру (цессия) шартын жасау арқылы өз талап ету құқықтарын үшінші тұлғаға бере алады.
5.7. Қарыз алушы өзіне қабылдаған Қарызды өтеу жөніндегі міндеттемелерін бұзса, Қарыз беруші Қарыздың қайтарылмауы туралы деректерді несие кеңселеріне беруге құқылы.

6. Ақпарат беру және өңдеу
6.1. Қарыз алушы Офертада және Қарыз шартында көрсетілген бүкіл ақпарат толық әрі шынайы деп растайды.
6.2. Қарыз алушы түсіне отырып, еркін, ерікті түрде және өз мүддесінде Серіктестікке Офертада, Қарыз шартында көрсетілген барлық жеке деректерін, сондай-ақ Қарыз алушы Қарыз берушінің Сайтында тіркелген кезде (Сауалнаманы толтырған кезде) өздігінен берген басқа да барлық жеке деректерін, соның ішінде тегін, атын, әкесінің атын; жынысын, туылған күнін және жерін; жеке куәлік деректерін; ЖСН, тұрғылықты жерін, қандай негізде екендігін (жалдау немесе тұлғаның меншігіндегі тұрғын үйде болуын), отбасылық жағдайын, балалар санын, меншігінде көлік құралының болуын, көлік құралының тіркеу нөмірін (болса); білім деңгейін; жұмыс түрін; айлық кіріс мөлшерін; келесі жалақы күндерін; тұратын өңірін; нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын; тіркелген жерінің мекенжайын; қазіргі мекенжайы бойынша тұру уақытын; телефон нөмірін; үй телефон нөмірін (берілген жағдайда); жұмыс телефонының нөмірін (болса); электронды поштасын, жеке деректерімен автоматтандыру құралдарын қолданып немесе осындай құралдарды қолданбай кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын жасауды қамтитын жеке деректер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңдеуге, соның ішінде жинауға, жазуға, жүйелендіруге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), алуға, пайдалануға, беруге (таратуға, беруге, қол жетімді болуға), соның ішінде агенттік шарттардың немесе Қарыз берушімен жасалған басқа шарттардың негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға (соның ішінде заңды тұлғаларға) беруге, соның ішінде Шарт бойынша мерзімі кешіктірілген берешекті өндіріп алуға бағытталған әрекеттерді осы тұлғалардың атқаруы мақсатында Қарыз шарты бойынша Қарыз алушы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, жеке деректерді жекелігінен айыруға, блоктауға, жоюға және өшіруге, сондай-ақ трансшекаралық беруге келісімін береді. Қарыз алушы Қарыз шартын жасау немесе Қарыз беруден бас тарту мақсатында, сондай-ақ Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда ақша қаражатын сотта немесе сотқа дейінгі тәртіпте кейіннен өндіріп алу үшін жеке деректерін пайдалануға келіседі.
Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін толық тиісті түрде орындағанға дейін барлық жеке деректерін пайдалануға Қарыз берушіге келісім береді. Қарыз алушы жай жазбаша түрде Қарыз берушіге өтініш жіберу арқылы жеке деректерін пайдалануға берген келісімін кері алу мүмкіндігі туралы хабардар.
6.3. Қарыз алушы өзінің кез келген хабарлаған ақпаратын Қарыз берушінің тексеруге құқылы болуымен, ал берген құжаттары мен көшірмелерінің, Оферта мен Қарыз шартының түпнұсқаларының Қарыз берушіде сақталуымен келіседі.
6.4. Қарыз алушы Офертада және Қарыз шартында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін, Қарыз алушы туралы ақпаратты алу үшін Қарыз берушіге несие кеңселеріне жүгіну құқығын береді.
Қарыз алушы Қарыз берушіге оның қалауы бойынша несие кеңсесін таңдау құқығын береді.
6.5. Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдерінің басталуы туралы, сомасын көрсетіп, мерзімі кешіктірілген берешектің туындауы немесе болуы туралы ақпараттық материалдарды, SMS-хабарлауды, пошта хатын, жеделхатты, дауыс хабарын, электронды пошта арқылы хабарды қоса есептегенде кез келген байланыс арналары арқылы Қарыз шартын орындаумен байланысты басқа ақпаратты Қарыз берушіден алуға келісім береді. Бұл орайда, осы ақпарат жіберілімдері үшін Қарыз алушы Қарыз берушіге өзі берген кез келген байланыс ақпаратын Серіктестікке пайдалануға рұқсат береді.
6.6. Қарыз алушы Қарыз берушінің қызметтері мен акциялары туралы жарнама материалдары мен ақпаратты Қарыз берушіден алуға келісім береді.

7. Форс-мажор
7.1. Су басу, өрт, жер сілкінісі, табиғат апаттары, блокадалар, ереуілдер, әскери әрекеттер, лаңкестік актілер сияқты Тараптар алдын ала біле алмаған және Шартты орындауға тікелей әсер еткен белгісіз күш жағдайларының салдары болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Белгісіз күш жағдайларының әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі осы жағдайлар күшінде болатын кезеңге кейінге шегеріледі.
7.2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін емес болған Тарап Шарттың 5.1 тармағында көрсетілген жағдайлардың басталуы және тоқтауы туралы екінші Тарапқа бірден хабар беруге міндетті.
7.3. Осы Шарттың 5.1 тармағында аталған жағдайлар күнтізбелік 10 (он) күннен көпке созылып кетсе, Тараптар Шарт бойынша міндеттерін бұдан былай орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл орайда, Қарыз алушы ертеректе аударылған қарыз сомасын және нақты пайдаланылған уақыт үшін есептелген сыйақыны толық мөлшерде қайтаруға міндетті.

8. Құпиялық
8.1. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімін алмай осы Шартты орындау үшін Тарап тартқан қызметкерлерді есептемегенде қандай да бір тұлғаға Шарттың мазмұнын немесе қандай да бір ережесін, сондай-ақ Тарап немесе оның атынан басқа тұлғалар берген кез келген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға міндеттенеді. Аталған ақпарат бұл қызметкерлерге құпия түрде және келісімшарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті шамада ғана берілуі керек.
8.2. Тараптар Шартты жүзеге асыру мақсаттарынан басқа мақсатта және/немесе Тараптардың мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған жағдайларда Тараптың алдын ала жазбаша келісімін алмай қандай да бір жоғарыда аталған құжаттарды немесе ақпаратты пайдаланбауға міндеттенеді.

9. Дауларды шешу тәртібі
9.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаса, Тараптар соттан тыс тәртіпте реттеу үшін барлық қажетті шаралар атқаруға міндетті.
9.2. Келіссөздер барысында Тараптар дауды реттеу туралы бір келісімге келмесе, дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарастырылады. Сот өндірісінің тілі – орыс тілі. Қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының заңнамасы.
9.3. Қарыз алушының тарапынан Қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаса немесе тиісті түрде орындалмаса, Қарыз беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
9.3. Қарыз алушы міндеттемелерін орындамаса және Қарыз беруші сот органдарына жүгінсе, сот бұйрығын беру тәртібінде Берешекті (негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы сомалары) өндіріп алу процедурасы қолданылуы мүмкін деп келіседі.

10. Басқа талаптар
10.1. Қос Тарап қол қойған күннен бастап Шарт күшіне енеді және Тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшінде болады.
10.2. Осы Шарт бір тарапты тәртіпте өзгертілмейді, толықтырылмайды және/немесе бұзылмайды.
10.3. Осы Шарттың барлық талаптары мен ережелері Тараптардың орындауы үшін міндетті немесе олардың мүддесінде қолданылады.
10.4. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысына бір-бірден заңды үші бірдей екі данада құрастырылған.
10.5. Бір Тарап екінші Тарапқа Шартқа сәйкес жіберетін кез келген хабарламаны хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жібереді, кейіннен түпнұсқасы тапсырылады.
10.6. Осы Қарыз шартымен қарастырылмаған барлық қалған жағдайларда Тараптар Серіктестіктің www.richpapa.kz ресми сайтында орналастырылған Қарыз беру және қызмет көрсету ережелерін басшылыққа алады.
10.7. Осы арқылы мен Серіктестіктің www.richpapa.kz ресми сайтында орналастырылған Қарыз беру және қызмет көрсету ережелерімен танысып шыққандығымды растаймын.

11. Тараптардың орналасқан жері және деректемелері

Қарыз беруші: Қарыз алушы:
«КРУГОЗОР ФИНАНС» ЖШС
СТН 600400699129
БСН 150840001294
индекс 050057
Заңды мекенжайы:
Алматы қ., , ул. Ауэзова, д. 175/1, н.п.5а, 5 этаж, 504 офис.
IBAN KZ3884901KZ000774538
SWIFT: NURSKZKX
«Нұрбанк» АҚ

Оформить заявку
тенгеСумма
1 заявок оформлено сегодня